Біз сіздің өтінішіңізді тіркеген соң сізбен байланысып, WeChat, WhatsApp немесе Telegram платформалары арқылы онлайн-кеңес өткіземіз.
"SAUDALA GROUP" инвестициялауда, экспортта және бизнесті дамытуда көшбасшы болуға ұмтылады. Компанияның ұстанымы – инвестицияларға түрлі инновациялық тәсілді енгізу, тауарларды Қазақстаннан тыс жерлерде ілгерілету және ел ішінде бизнестегі көшбасшылықты нығайту. Инвестициялық бөлім стартаптарға арналған уэб-платформаны және жоба құнының 70%- на дейін қолдауды қамтиды. Импорт және экспорт саласында онлайн-сауда платформасын және тауарларды жылжыту науқанын жақсарту жоспарланып отыр. Білім беру бастамалары мен жобалардың жүйелі мониторингі ұзақ мерзімді табысқа деген ұмтылысымыздың айғағы.
Тауарға тапсырыс берерде, тегін кеңес үшін өтініш қалдырасыз. Сосын біз өзіміз хабарласамыз!
Өтініш қалдыруТүпкілікті тұтынушыға жеткізетін тауарларды іздеп табу және тексеру
Сертификаттарды рәсімдеу
Кеңес берудің бірінші кезеңінде әдетте бизнесті түрлі бағытта жүргізудің қыр-сырына қатысты сұрақтар туындап жатады. Біздің сарапшылар бизнесіңізді сәтті бастау үшін толыққанды жауап дайындап, ұсыныстар беруге әзір.
Екінші кезеңде алдымен импорттық бизнесіңіздің қажеттілігі мен мақсаты талқыланады. Тауарларды талдаған соң біз оңтайлы жеткізушілерді іздеуді бастап, логистикалық стратегияны әзірлейміз. Экспорттық өнімнің нарығын анықтау тұрғысында серіктестіктер құрылып, тиімді маркетингтік стратегиялар дайындалады. Сондай-ақ, өнім талаптары мен стандарттарына талдау жасалады.
Сіздің сұранысыңызбен егжей-тегжейлі танысқан соң талабыңызға сай келетін әлеуетті жеткізушілер мен өнімдер туралы ақпаратты береміз.
Тауарды жөнелтудің алдында сапа бақылауын қамтамасыз етеміз. Өнімді тексеріп отыру барлық кезеңде жүзеге асырылады. Барлық процесстің фото және бейнежазбасы жүргізіледі. Өнімнің 10%-ы стандартқа сай екеніне көз жеткізу мақсатында алдын-ала жоспарланбаған кездейсоқ тексеруден өтеді.
Өнімдерді жіберген соң да біз оның діттеген жерге жеткізілуін бақылауға аламыз және сіз таңдаған тарифке сәйкес жайлы жеткізуді қамтамасыз етеміз. Біздің мақсатымыз - Қытаймен бизнес-процесіңізді ыңғайлы және сенімді ету.
Біз сіздің өтінішіңізді тіркеген соң сізбен байланысып, WeChat, WhatsApp немесе Telegram платформалары арқылы онлайн-кеңес өткіземіз.
Тұрақты комиссиямыз сатып алынған тауар құнының 10-15 пайызын құрайды. Комиссия $1000 (USD) кем емес болады.
Төлемді банктік шот арқылы немесе келісім-шарт жасасқаннан соң қолма-қол төлеуге де болады.
Халықаралық тасымалдау үшін төлем жүкті алған кездегі валюта бағамы бойынша доллармен және клиенттің өз елінің валютасымен жүзеге асырылады.
Жүк жоғалған және сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру сомасынан қаржылық өтемақы беріледі. Фирмалық көшірмелер берілмейді.
Біз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтамалар мен декларацияларды дайындаймыз, сонымен қатар, қажетті құжаттарды әзірлеуге жағдай жасаймыз.